Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!
11 «Б» сынып оқушылары Әбілхан Алдияр, Арлиев Амир және Аяпберген Арнур қалалық экологиялық IT-байқау — "EcoSolutions Hackathon"-да 1 орын иеленді! Оқушылар өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ұсынды — ауа сапасын мониторинг жасауға арналған сайт. Олардың әзірлемесі қоршаған ортаның жағдайын бақылауға және экологиялық сананы арттыруға мүмкіндік береді. Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз!