Мектеп жобасынан — болашақ технологияларға!
2026 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласындағы №79 гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Васильев Егор Алматы технологиялық университетінде өткен «Энергия үнемдеу және сутек технологиялары» атты ғылыми дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына профессорлар мен PhD докторлары қатысты. Егор осы іс-шараның ең жас қатысушысы болды.
Бағдарлама аясында Егор «Өнеркәсіпте балқуы төмен металдарды кесуге арналған сутек генераторы (электролизер)» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Дөңгелек үстел Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен мамандарын біріктіріп, энергия тиімділігі мен сутек технологияларын енгізудің өзекті мәселелеріне арналды.
Егордың жұмысы ғылыми қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Ғалымдар таңдалған тақырыптың өзектілігін, жобаның практикалық маңызын және оқушының зерттеу дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
Егорға ғылыми қызметінде алдағы уақытта да табыс, батыл идеялар және олардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!

