02
наурыз
2026
«Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел
«Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өтті№79 гимназиясында 5–7 сынып оқушыларына арналған «Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны педагог-психолог Турсунжанова Д.М. мектептің өзін-өзі басқару ұйымындағы жас психологтар фракциясымен бірлесе өткізді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар буллингтің негізгі түрлерін — ауызша қорлау, шеттету, кибербуллинг мәселелерін талқылады. Сонымен қатар буллингтің психологиялық салдары, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі және көмекке кімге жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді.
Шара барысында оқушылар өзара сыйластықтың, жанашырлықтың және бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді.