Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясындағы экологиялық акция
18
сәуір
2026

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясындағы экологиялық акция


Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өткізілген іс-шаралар аясында гимназия оқушылары Махатма Ганди атындағы саябақ аумағында ұйымдастырылған акцияға қатысты.

Оқушылар белсенді азаматтық ұстаным танытып, саябақ аумағын күтіп-баптауға атсалысты: гүлдерді суарып, қоғамдық орынды абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың тарихқа, мәдениетке және қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастырып, жауапкершілік пен қамқорлық сезімін дамытуға ықпал етеді.