Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия мақтанышы: Дана Қадырбек — «Үздік жас көшбасшы»
23
сәуір
2026

Гимназия мақтанышы: Дана Қадырбек — «Үздік жас көшбасшы»

Бүгін гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Regional Ecological Summit Expo – 2026 көрмесіне қатысып, Қазақстан Республикасы Экология министрлігі тарапынан алғыс хатқа ие болды.

🏆 Дана жоғары марапатқа ие болды:
«Cleantech Days – 2026 халықаралық байқауы аясында GCIP (Таза технологиялардың жаһандық инновациялық бағдарламасы) шеңберінде үздік үш жоба қатарына енгені және ерекше жетістіктері үшін»,
сондай-ақ арнайы жүлдемен марапатталды
🌟 «Үздік жас көшбасшы».

Дананы шын жүректен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, жарқын идеялар мен үлкен ғылыми жаңалықтар тілейміз! Алға — тек биік белестерге!