Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ардагерлер жүректе» акциясы
09
мамыр
2026
«Ардагерлер жүректе» акциясы
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай гимназиямызда «Ардагерлер жүректе» атты патриоттық акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар ардагерлерге құрмет көрсетіп, естелік құттықтаулар әзірлеп, алғыс пен ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар майдангерлердің ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегі туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, тарихқа деген құрмет пен ардагерлерге деген қамқорлық сезімін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар
01
мамыр
2026
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар
«Адал азамат» бағдарламасы аясында гимназиямызда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт және этностардың қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттап, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп, мектеп қауымдастығы белсенділік танытты. Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан педагогтерге, сынып жетекшілеріне, оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясындағы экологиялық акция
18
сәуір
2026
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясындағы
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өткізілген іс-шаралар аясында гимназия оқушылары Махатма Ганди атындағы саябақ аумағында ұйымдастырылған акцияға қатысты. Оқушылар белсенді азаматтық ұстаным танытып, саябақ аумағын күтіп-баптауға атсалысты: гүлдерді суарып, қоғамдық орынды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Мұндай іс-шаралар оқушылардың тарихқа, мәдениетке және қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастырып, жауапкершілік пен қамқорлық сезімін дамытуға ықпал етеді.
Балалар әдебиеті онкүндігі аясындағы іс-шаралар
13
сәуір
2026
Балалар әдебиеті онкүндігі аясындағы іс-шаралар
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және балалар әдебиеті онкүндігі аясында КГУ «№79 гимназиясында» мектеп кітапханашысы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бірлесуімен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық барысында кітап көрмелері, тақырыптық дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, журналдар көрмесі және мектеп кітапханасына экскурсиялар өткізілді. Оқушылар балалар әдебиетімен, ғарыш тақырыбындағы кітаптармен және танымдық басылымдармен танысып, оқу мәдениетін
«Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел
02
наурыз
2026
«Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел
«Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өтті №79 гимназиясында 5–7 сынып оқушыларына арналған «Буллингтің алдын алу – ортақ жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараны педагог-психолог Турсунжанова Д.М. мектептің өзін-өзі басқару ұйымындағы жас психологтар фракциясымен бірлесе өткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар буллингтің негізгі түрлерін — ауызша қорлау, шеттету, кибербуллинг мәселелерін талқылады. Сонымен қатар буллингтің
Мектеп пен отбасы: қауіпсіз болашақ жолында
28
ақпан
2026
Мектеп пен отбасы: қауіпсіз болашақ жолында
2026 жылғы 28 ақпанда ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар гимназия әкімшілігімен, педагогтермен және сынып жетекшілерімен кездесіп, білім беру, тәрбие жұмысы және балалардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Киберқауіпсіздік және интернеттегі экстремизм» тақырыбына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың цифрлық қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ мектеп пен
Кітап оқу трендте: «ШОК» мектеп клубы «Балалар кітапханасы» жобасын жандандыруда
16
ақпан
2026
Кітап оқу трендте: «ШОК» мектеп клубы «Балалар кітапханасы» жобасын
Гимназиямызда «ШОК» (Школьное Общество Книголюбов — Мектептегі кітапқұмарлар қоғамы) кітап клубының кезекті апталық отырысы өтті. Бұл аптада біз тек шығармаларды талқылап қана қоймай, әдебиет әлеміне терең бойладық. Клуб мүшелері өз ойларымен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттері туралы пікірталас жүргізді және авторлар көтерген мәңгілік сұрақтарға жауап іздеді. «ШОК» — бұл: * Кітап оқу трендке айналатын орын. * Әрбір пікір маңызды болатын орта. * Кітаптар қызу пікірталастарда жанданатын мекен.
«Стандартты емес материалдардан жасалған портрет»  атты қалалық семинар
22
қаңтар
2026
«Стандартты емес материалдардан жасалған портрет» атты қалалық
2026 жылғы 22 қаңтарда білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп «№79 гимназия» КММ-де «Стандартты емес материалдардан жасалған портрет» тақырыбында қалалық семинар-шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны гимназия директоры Цай Р.А. құттықтау сөзбен ашып, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытудың және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өз сөзінде семинардың «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына
Гимназия Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын қарсы алды
10
қаңтар
2026
Гимназия Жәутіков олимпиадасының қатысушыларын қарсы алды
10.01.2026ж.  біздің гимназияның педагогтері XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысу үшін Болгариядан келген оқушыларды қарсы алды. Қонақтарымызға сәттілік, жоғары нәтижелер мен жарқын әсерлер тілейміз!  Олимпиада білім мен достықты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын алаң болсын.
Ата-аналармен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбындағы жұмыс
08
қаңтар
2026
Ата-аналармен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
ЦППР аясында ата-аналармен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Кездесу барысында балаларды тәрбиелеу мен мінез-құлқына ата-аналардың жауапкершілігі, заңға бағынатын тұлғаны қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың маңызы, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды. Отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 32 Вперед