Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада жеңімпазы
15
мамыр
2026
Республикалық олимпиада жеңімпазы
8 «Б» сынып оқушысы Власенко Полина Алматы қаласының құрама командасы құрамында Астана қаласында өткен дене шынықтыру пәні бойынша республикалық олимпиадада  І орын иеленді. Бұл — табандылықтың, еңбекқорлықтың және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі. Біз Полинаны мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Мамандыққа қадам: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапар
28
сәуір
2026
Мамандыққа қадам: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапар
Бүгін мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара түлектерге кәсіптік бағдар беру және жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Сапар барысында оқушылар факультеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жалпы мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушылар университет ортасымен танысып, студенттік өмір туралы
Мектеп жобасынан — болашақ технологияларға!
24
сәуір
2026
Мектеп жобасынан — болашақ технологияларға!
2026 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласындағы №79 гимназиясының 11 «Б» сынып оқушысы Васильев Егор Алматы технологиялық университетінде өткен «Энергия үнемдеу және сутек технологиялары» атты ғылыми дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына профессорлар мен PhD докторлары қатысты. Егор осы іс-шараның ең жас қатысушысы болды. Бағдарлама аясында Егор «Өнеркәсіпте балқуы төмен металдарды кесуге арналған сутек генераторы (электролизер)» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Дөңгелек үстел Қазақстанның
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!
24
сәуір
2026
Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!
11 «Б» сынып оқушылары Әбілхан Алдияр, Арлиев Амир және Аяпберген Арнур қалалық экологиялық IT-байқау — "EcoSolutions Hackathon"-да  1 орын иеленді! Оқушылар өзекті әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ұсынды — ауа сапасын мониторинг жасауға арналған сайт. Олардың әзірлемесі қоршаған ортаның жағдайын бақылауға және экологиялық сананы арттыруға мүмкіндік береді. Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз!
Гимназия мақтанышы: Дана Қадырбек — «Үздік жас көшбасшы»
23
сәуір
2026
Гимназия мақтанышы: Дана Қадырбек — «Үздік жас көшбасшы»
Бүгін гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Regional Ecological Summit Expo – 2026 көрмесіне қатысып, Қазақстан Республикасы Экология министрлігі тарапынан алғыс хатқа ие болды. 🏆 Дана жоғары марапатқа ие болды: «Cleantech Days – 2026 халықаралық байқауы аясында GCIP (Таза технологиялардың жаһандық инновациялық бағдарламасы) шеңберінде үздік үш жоба қатарына енгені және ерекше жетістіктері үшін», сондай-ақ арнайы жүлдемен марапатталды 🌟 «Үздік жас көшбасшы». Дананы шын жүректен
№79 гимназиясының оқушысы — Cleantech Days-2026 халықаралық форумының үздіктері қатарында
13
сәуір
2026
№79 гимназиясының оқушысы — Cleantech Days-2026 халықаралық форумының
КММ «№79 гимназиясының» 11 «Б» сынып оқушысы Дана Қадырбек 2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында Австрияның Вена қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (United Nations Industrial Development Organization, UNIDO) ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 халықаралық форумында жүлдегерлер қатарына енді. Дананың HydroTech стартап жобасы Emerging санатындағы жаһандық байқаудың ТОП-3 қатарына кірді. Сонымен қатар жоба Youth Leadership арнайы номинациясымен марапатталды. Айрықша атап
Таза судың әлемінде: Samal Water-ге экскурсия
07
сәуір
2026
Таза судың әлемінде: Samal Water-ге экскурсия
Бүгін 10 «Г» сынып оқушылары Samal Water зауытына экскурсияға барды 💧 Бұл жай ғана экскурсия емес, таза ауыз су өндірісінің әлеміне жасалған шынайы саяхат болды. Оқушылар суды тазарту мен сүзгіден өткізуден бастап, құю және қаптау кезеңдеріне дейінгі бүкіл процесті өз көздерімен көрді. Әсіресе заманауи технологиялар мен әр кезеңдегі қатаң сапа бақылауы ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар экологиялық стандарттарды сақтаудың маңызын түсініп, денсаулыққа қамқорлықтың қарапайым әдеттен — таза су
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылар кәсіби жәрмеңкеде
26
наурыз
2026
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылар кәсіби жәрмеңкеде
 Бүгін біздің 9‑сынып оқушылары «WorldSkills Almaty – 2026» чемпионаты мен «Менің болашақ мамандығым» кәсіби жәрмеңкесіне қатысты. Оқушылар әртүрлі мамандықтармен танысып, өз болашақ жолын таңдау үшін пайдалы ақпарат алды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 Вперед