13
сәуір
2026
Балалар әдебиеті онкүндігі аясындағы іс-шаралар

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және балалар әдебиеті онкүндігі аясында КГУ «№79 гимназиясында» мектеп кітапханашысы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бірлесуімен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.Апталық барысында кітап көрмелері, тақырыптық дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, журналдар көрмесі және мектеп кітапханасына экскурсиялар өткізілді.
Оқушылар балалар әдебиетімен, ғарыш тақырыбындағы кітаптармен және танымдық басылымдармен танысып, оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ақпараттар алды.
Іс-шаралар білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етті.