Мамандыққа қадам: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапар
Бүгін мектебіміздің жоғары сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара түлектерге кәсіптік бағдар беру және жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Сапар барысында оқушылар факультеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жалпы мәлімет алды. Сонымен қатар, қатысушылар университет ортасымен танысып, студенттік өмір туралы