28
ақпан
2026
Мектеп пен отбасы: қауіпсіз болашақ жолында
2026 жылғы 28 ақпанда ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ата-аналар гимназия әкімшілігімен, педагогтермен және сынып жетекшілерімен кездесіп, білім беру, тәрбие жұмысы және балалардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Киберқауіпсіздік және интернеттегі экстремизм» тақырыбына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың цифрлық қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу алгоритмдері түсіндірілді. Ата-аналарға жеке консультациялар берілді. Балалардың дамуы мен қауіпсіздігіне бейжай қарамай, белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!