Жас педагогтарға арналған цифрлық білім беру семинары
29 қаңтар күні гимназияда Алмалы ауданы мектептерінің жас педагогтарына арналған «Цифрлық мектептегі оқыту тәжірибесі: мұғалім құралы ретіндегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара аясында «ЖИ шаблонды сабақтарға қарсы: функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған белсенді оқыту тәсілдері» атты ашық сабақтар панорамасы ұйымдастырылды. Педагогтер ағылшын тілі, биология, тарих және әдебиет пәндерін оқытуда цифрлық және ЖИ-құралдарын қолданудың заманауи тәсілдерін көрсетті.