Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас педагогтарға арналған цифрлық білім беру семинары
02
ақпан
2026

Жас педагогтарға арналған цифрлық білім беру семинары

29 қаңтар күні гимназияда Алмалы ауданы мектептерінің жас педагогтарына арналған «Цифрлық мектептегі оқыту тәжірибесі: мұғалім құралы ретіндегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара аясында «ЖИ шаблонды сабақтарға қарсы: функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған белсенді оқыту тәсілдері» атты ашық сабақтар панорамасы ұйымдастырылды. Педагогтер ағылшын тілі, биология, тарих және әдебиет пәндерін оқытуда цифрлық және ЖИ-құралдарын қолданудың заманауи тәсілдерін көрсетті.

Бағдарлама «ЖИ + геймификация» атты шығармашылық workshop-пен жалғасты. Қатысушылар қызықты әрі интерактивті сабақ құрастырудың тиімді тәсілдерімен танысты.

Семинар «Сынып жетекшісі: тәрбие жұмысындағы цифрлық және ЖИ-құралдары» атты шеберлік сыныбымен қорытындыланды. Онда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың және ата-аналармен өзара әрекеттесудің заманауи форматтары ұсынылды.

Семинар қатысушылары іс-шараның жоғары практикалық бағыттылығын ерекше атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ұсынылған құралдар мен әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде бірден қолдануға болатынын атап өтті.