Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогтерге арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі педагогтың рөлі» тақырыбындағы мектепшілік семинар
05
қаңтар
2026
Педагогтерге арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім
Мектепте педагогтерге арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі педагогтың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында мінез-құлықтық тәуекелдерді ерте анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы педагогтың рөлі талқыланды. Педагогтер, психологтар және ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Көшбасшылық іс жүзінде: мектеп парламенті президентінің қалалық слетке қатысуы
23
желтоқсан
2025
Көшбасшылық іс жүзінде: мектеп парламенті президентінің қалалық
23 желтоқсанда мектеп өзін-өзі басқару президенті, 10 «Б» сынып оқушысы Садыков Арсен білім беру ұйымдарының мектеп және студенттік парламенттері көшбасшыларының «Мен – көшбасшымын!» қалалық слетіне қатысты. Слеттің мақсаты – азаматтық қоғамды дамытудағы мектеп және студенттік парламенттер сияқты қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және нығайту, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен ашық қарым-қатынасқа арналған алаң қалыптастыру. Аталған іс-шараға қатысу оқушының көшбасшылық
«Антистресс – қайта жүктеу» тренингтері
22
желтоқсан
2025
«Антистресс – қайта жүктеу» тренингтері
Педагог-психолог Яфаров Р.Р. 6,8,9-сынып оқушылары арасында «Антистресс – қайта жүктеу» атты тренингтер сериясын өткізді. Тренингтердің мақсаты – білім алушыларда өздерінің эмоционалдық жағдайына саналы көзқарас қалыптастыру, психоэмоционалдық кернеу деңгейін төмендету және күйзелісті жағдайларда өзін-өзі реттеудің қарапайым тәсілдерін меңгерту. Сабақтар барысында оқушылар күйзеліс ұғымымен, оның пайда болу себептері мен көріністерімен танысты, мектептегі жиі кездесетін күйзелісті жағдайларды
Ата-аналар жиналысы «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
17
желтоқсан
2025
Ата-аналар жиналысы «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»
2025 жылғы 17–18 желтоқсан күндері гимназияда ата-аналар жиналыстары өткізілді. Каникул кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілері ата-аналармен онлайн форматта жиналыстар ұйымдастырды. Кездесулер барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды: – каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі; – қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлер және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салу; – балалардың бос
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы қоғамдық-мәдени сабақ
15
желтоқсан
2025
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы қоғамдық-мәдени сабақ
«№ 79 гимназия» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті декадасы және Тәуелсіздік күні аясында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында қоғамдық-мәдени сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды оқиғалармен, ұлттық құндылықтармен және тарихи деректермен танысты. Іс-шара оқушылардың тілге, тарихқа және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды
Recycle Birge & «№79 гимназия» КММ = Экoмәдениет іс жүзінде
07
желтоқсан
2025
Recycle Birge & «№79 гимназия» КММ = Экoмәдениет іс жүзінде
7 желтоқсанда «№79 гимназия» КММ «Таза Қазақстан» қалалық жобасы аясында Recycle Birge командасымен бірлесіп Экоакция өтті. Іс-шара жарқын, мазмұнды және шабыттандыратын форматта ұйымдастырылды. Ата-аналар, оқушылар мен педагогтар жоғары белсенділік танытып, қайта өңдеуге арналған екінші шикізатты және қайта пайдалануға жарамды заттарды көп мөлшерде әкелді, шеберлік сабақтарына қатысып, күнделікті өмірде экологиялық мінез-құлықтың маңыздылығын талқылады. Гимназия мен Recycle Birge-нің бірлескен
Қазақстан халық партиясы филиалының мамандары мен Алматы қаласының жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген «Қауіпсіз жол» іс-шарасы
04
желтоқсан
2025
Қазақстан халық партиясы филиалының мамандары мен Алматы қаласының
2025 жылдың 4 желтоқсанында "№79 Гимназия" КММ-де "Қауіпсіз жол"жобасы аясында іс-шара өткізілді. Қазақстан Халықтық партиясы филиалының мамандары жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп оқушыларға жолдардағы қауіпсіздік бойынша арнайы сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушылар көшеден қауіпсіз өту ережелерін бекітті, жол ортасында жүруді үйренді, практикалық ұсыныстары бар жадынамалар алды және интерактивті тапсырмаларға қатысты. Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтті және балалар
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
25
қараша
2025
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
Гимназиямыздағы мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, атап айтқанда «ЗОЖ» фракциясы, апта сайын дәстүрлі физминутка өткізеді. Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сергектік пен белсенділікті арттыру. Физминутка барысында фракция мүшелері қарапайым әрі пайдалы жаттығуларды көрсетіп, бүкіл мектепке жағымды көңіл күй сыйлайды. Бұл бастама оқушылардың денсаулығын нығайтып, ұжымдық рухты көтеруге бағытталған.
«Алматы - таза қала» бағдарламасы аясында экобілімді күшейту
17
қараша
2025
«Алматы - таза қала» бағдарламасы аясында экобілімді күшейту
17 қараша күні біздің гимназияда экобелсенділер командасы Recycle Bírge педагогтарға арналған мазмұнды лекторий өткізді. Іс-шара барысында маңызды экотақырыптар қарастырылды: 🔹 балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру; 🔹 тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау; 🔹 пластик, қағаз, әйнек және органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы; 🔹 мектеп жағдайында экобастамаларды енгізу жолдары; 🔹 жауапты тұтыну дағдылары. Лекторий педагогтарымызға экологиялық тәрбие берудің тиімді әдістерін,
Патриоттық челлендж – “Қыраң елім - Қазақстаным!”
21
қазан
2025
Патриоттық челлендж – “Қыраң елім - Қазақстаным!”
Республика күні мен Декларацияның қабылдануының мерекесіне орай гимназияда патриоттық акция аясында домбырашылар ансамблі (жетекшісі – Сағындыкова О.В.) қазақтың күйін орындап, челлендж ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық рухты дәріптеп, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырды.