Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау.
20
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау.
Биыл президент атағы үшін 9–10-сынып оқушыларының арасынан төрт үміткер өз кандидатурасын ұсынды: Ізім Айзия, Конуспаев Кирилл, Азимов Амиран және Садыков Арсен. Сайлау бекітілген алгоритмге сәйкес офлайн форматта, сондай-ақ Google сауалнамасы арқылы онлайн түрде өткізілді. Гимназияның 1700 оқушысының ішінен 1398 оқушы дауыс беруге қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша 40,3% дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы — Садыков Арсен мектеп өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.  Арсенді
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
29
қыркүйек
2025
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
Гимназияда ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы өтті. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан үзінділер орындап, ұлы мұраны терең түсініп жеткізді. Байқау қазақ халқының рухани қазынасына деген құрметтің айқын көрінісі болып, оқушылардың туған әдебиетке сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
26
қыркүйек
2025
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
КММ «№79 гимназиясында» Алматы қаласының күніне арналған аудандық іс-шара өтті. Бағдарлама «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары аясында жүзеге асырылып, гимназия оқушылары мен ұстаздарын бір арнаға тоғыстырды. Сахнада ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, патриоттық әндер шырқалып, әртүрлі сынып оқушыларының музыкалық және шығармашылық нөмірлері ұсынылды. Іс-шара жас ұрпақтың өнерін танытуға, туған қаланың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, азаматтық пен отансүйгіштік сезімін
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған викторина
22
қыркүйек
2025
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған викторина
2025 жылғы 22 қыркүйекте КММ «Гимназия №79»-да Қазақстан халқы тілдері күніне арналған және «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған танымдық викторина өтті. Викторина оқушыларға өз білімдерін шыңдап, ой-өрістерін кеңейтуге және халқымыздың бай тіл мұрасының маңыздылығын тағы да сезінуге мүмкіндік берді.
Алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбындағы профилактикалық сабақ
22
қыркүйек
2025
Алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбындағы профилактикалық
2025 жылғы 22 қыркүйекте гимназияда сынып сағаттары аясында алаяқтықтың алдын алу тақырыбында әңгіме өткізілді. Сабақ барысында оқушылар алаяқтықтың кең таралған түрлері, оларды анықтау жолдары туралы мәлімет алып, мұндай жағдайларда қауіпсіздік ережелерін талқылады.
«Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны
19
қыркүйек
2025
«Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны
Мектебімізде «Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Ұйымдастырушылар: бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Аскарова А.А. және 10-сынып оқушысы, мектеп парламентінің «Экология» фракциясының министрі Ташанова Карина.
Мектеп түлектері Алматы қаласы күніне орай қайың ағаштарын отырғызу
18
қыркүйек
2025
Мектеп түлектері Алматы қаласы күніне орай қайың ағаштарын отырғызу
«№79 гимназия» КММ-де «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Birgemiz: Taza Alem» акциялары мен «Қамқор» жобасы аясында 11-сынып түлектері қайың көшеттерін отырғызды. Бұл шара гимназия аумағын көгалдандыруға және оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Республикалық сайлау диктанты
15
қыркүйек
2025
Республикалық сайлау диктанты
2025 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай Республикалық сайлау диктанты өткізілді. Диктанттың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, электоралдық мәдениетті дамыту және Конституцияға құрметпен қарауды қалыптастыру. Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, сайлау құқығын зерделеуге жауапкершілікпен қарады.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы қалалық сенбілік
13
қыркүйек
2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы қалалық
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында КММ «Гимназия №79» ұжымы сенбілік өткізді. Іс-шараға педагогтар мен техникалық қызметкерлер қатысты. Шараның негізгі мақсаты – гимназия аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың тазалықты сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру, экологиялық сананы дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу болды. «Таза Қазақстан» акциясы гимназия үшін экологиялық мәдениетті қолдау мен жауапты азаматтық
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме
11
қыркүйек
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме
Гимназияда «Балалар кітапханасы» жобасы мен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шара ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Абайдың рухани мұрасымен таныстыру, қазақстандық мәдениет пен тарихқа құрмет қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілік пен патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу.