Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
25
қараша
2025
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
Гимназиямыздағы мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, атап айтқанда «ЗОЖ» фракциясы, апта сайын дәстүрлі физминутка өткізеді. Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сергектік пен белсенділікті арттыру. Физминутка барысында фракция мүшелері қарапайым әрі пайдалы жаттығуларды көрсетіп, бүкіл мектепке жағымды көңіл күй сыйлайды. Бұл бастама оқушылардың денсаулығын нығайтып, ұжымдық рухты көтеруге бағытталған.
«Алматы - таза қала» бағдарламасы аясында экобілімді күшейту
17
қараша
2025
«Алматы - таза қала» бағдарламасы аясында экобілімді күшейту
17 қараша күні біздің гимназияда экобелсенділер командасы Recycle Bírge педагогтарға арналған мазмұнды лекторий өткізді. Іс-шара барысында маңызды экотақырыптар қарастырылды: 🔹 балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру; 🔹 тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау; 🔹 пластик, қағаз, әйнек және органикалық қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы; 🔹 мектеп жағдайында экобастамаларды енгізу жолдары; 🔹 жауапты тұтыну дағдылары. Лекторий педагогтарымызға экологиялық тәрбие берудің тиімді әдістерін,
Патриоттық челлендж – “Қыраң елім - Қазақстаным!”
21
қазан
2025
Патриоттық челлендж – “Қыраң елім - Қазақстаным!”
Республика күні мен Декларацияның қабылдануының мерекесіне орай гимназияда патриоттық акция аясында домбырашылар ансамблі (жетекшісі – Сағындыкова О.В.) қазақтың күйін орындап, челлендж ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық рухты дәріптеп, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттырды.
Өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау.
20
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау.
Биыл президент атағы үшін 9–10-сынып оқушыларының арасынан төрт үміткер өз кандидатурасын ұсынды: Ізім Айзия, Конуспаев Кирилл, Азимов Амиран және Садыков Арсен. Сайлау бекітілген алгоритмге сәйкес офлайн форматта, сондай-ақ Google сауалнамасы арқылы онлайн түрде өткізілді. Гимназияның 1700 оқушысының ішінен 1398 оқушы дауыс беруге қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша 40,3% дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы — Садыков Арсен мектеп өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.  Арсенді
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
29
қыркүйек
2025
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
Гимназияда ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы өтті. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан үзінділер орындап, ұлы мұраны терең түсініп жеткізді. Байқау қазақ халқының рухани қазынасына деген құрметтің айқын көрінісі болып, оқушылардың туған әдебиетке сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
26
қыркүйек
2025
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
КММ «№79 гимназиясында» Алматы қаласының күніне арналған аудандық іс-шара өтті. Бағдарлама «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары аясында жүзеге асырылып, гимназия оқушылары мен ұстаздарын бір арнаға тоғыстырды. Сахнада ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, патриоттық әндер шырқалып, әртүрлі сынып оқушыларының музыкалық және шығармашылық нөмірлері ұсынылды. Іс-шара жас ұрпақтың өнерін танытуға, туған қаланың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, азаматтық пен отансүйгіштік сезімін
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған викторина
22
қыркүйек
2025
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған викторина
2025 жылғы 22 қыркүйекте КММ «Гимназия №79»-да Қазақстан халқы тілдері күніне арналған және «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған танымдық викторина өтті. Викторина оқушыларға өз білімдерін шыңдап, ой-өрістерін кеңейтуге және халқымыздың бай тіл мұрасының маңыздылығын тағы да сезінуге мүмкіндік берді.
Алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбындағы профилактикалық сабақ
22
қыркүйек
2025
Алаяқтық пен дропперліктің алдын алу тақырыбындағы профилактикалық
2025 жылғы 22 қыркүйекте гимназияда сынып сағаттары аясында алаяқтықтың алдын алу тақырыбында әңгіме өткізілді. Сабақ барысында оқушылар алаяқтықтың кең таралған түрлері, оларды анықтау жолдары туралы мәлімет алып, мұндай жағдайларда қауіпсіздік ережелерін талқылады.
«Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны
19
қыркүйек
2025
«Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны
Мектебімізде «Қоқыссыз мектеп» қалалық экологиялық марафоны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті арттыру. Ұйымдастырушылар: бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Аскарова А.А. және 10-сынып оқушысы, мектеп парламентінің «Экология» фракциясының министрі Ташанова Карина.
Мектеп түлектері Алматы қаласы күніне орай қайың ағаштарын отырғызу
18
қыркүйек
2025
Мектеп түлектері Алматы қаласы күніне орай қайың ағаштарын отырғызу
«№79 гимназия» КММ-де «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Birgemiz: Taza Alem» акциялары мен «Қамқор» жобасы аясында 11-сынып түлектері қайың көшеттерін отырғызды. Бұл шара гимназия аумағын көгалдандыруға және оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.