25
қараша
2025
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
Гимназиямыздағы мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, атап айтқанда «ЗОЖ» фракциясы, апта сайын дәстүрлі физминутка өткізеді.Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сергектік пен белсенділікті арттыру.
Физминутка барысында фракция мүшелері қарапайым әрі пайдалы жаттығуларды көрсетіп, бүкіл мектепке жағымды көңіл күй сыйлайды.
Бұл бастама оқушылардың денсаулығын нығайтып, ұжымдық рухты көтеруге бағытталған.