20
қазан
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау.

Биыл президент атағы үшін 9–10-сынып оқушыларының арасынан төрт үміткер өз кандидатурасын ұсынды: Ізім Айзия, Конуспаев Кирилл, Азимов Амиран және Садыков Арсен.Сайлау бекітілген алгоритмге сәйкес офлайн форматта, сондай-ақ Google сауалнамасы арқылы онлайн түрде өткізілді.
Гимназияның 1700 оқушысының ішінен 1398 оқушы дауыс беруге қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 40,3% дауыс жинаған 10 «Б» сынып оқушысы — Садыков Арсен мектеп өзін-өзі басқару ұйымының президенті болып сайланды.
Арсенді жеңісімен құттықтаймыз!
Мектеп қауымдастығын дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды табысты жүзеге асыруына тілектеспіз!