17
желтоқсан
2025
Ата-аналар жиналысы «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»

2025 жылғы 17–18 желтоқсан күндері гимназияда ата-аналар жиналыстары өткізілді.Каникул кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілері ата-аналармен онлайн форматта жиналыстар ұйымдастырды.
Кездесулер барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
– каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі;
– қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлер және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салу;
– балалардың бос уақытын және жүрген жерін бақылау;
– интернет желісінде және әлеуметтік желілерде қауіпсіздік (онлайн ойындар, бәс тігу, алаяқтық);
– мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, оның ішінде қауіпті заттарды мектепке алып келуге тыйым салу.
Аталған жиналыстарды өткізу мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.