Республика күнімен!
Гимназия әкімшілігі мен жоғары сынып оқушылары кеңесі баршаңызды Республика күнімен және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығымен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке – еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігінің символы. Әр жүректе Отанға деген сүйіспеншілік пен Қазақстан үшін мақтаныш сезімі мәңгі сақталсын. Баршаңызға бейбіт өмір, амандық, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!