Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сынып түлектері қайың көшеттерін отырғызды
22
қыркүйек
2025
11-сынып түлектері қайың көшеттерін отырғызды
«№ 79 гимназия» КММ-де «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз», «Birgemiz: Taza Alem» акциялары мен «Қамқор» жобасы аясында 11-сынып түлектері қайың көшеттерін отырғызды. Бұл шара гимназия аумағын көгалдандыруға және оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
КММ «№79 гимназиясында» Алматы қаласының күніне арналған аудандық іс-шара өтті.
17
қыркүйек
2025
КММ «№79 гимназиясында» Алматы қаласының күніне арналған аудандық
Бағдарлама «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары аясында жүзеге асырылып, гимназия оқушылары мен ұстаздарын бір арнаға тоғыстырды. Сахнада ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, патриоттық әндер шырқалып, әртүрлі сынып оқушыларының музыкалық және шығармашылық нөмірлері ұсынылды. Іс-шара жас ұрпақтың өнерін танытуға, туған қаланың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, азаматтық пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Жоғары марапат — еңбекті құрметтеу!
29
тамыз
2025
Жоғары марапат — еңбекті құрметтеу!
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойы жылы біздің гимназия үлкен мақтанышпен орыс  тілі мен әдебиеті мұғалімі Теренова  Ольга Викторовнаны мемлекеттік марапатқа мерекелік медаліне ие болуымен құттықтайды. Бұл марапат — тек жоғары кәсібиліктің ғана емес, сонымен қатар Ольга Викторовнаның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесінің, мамандыққа адалдығының және жас ұрпақты тәрбиелеудегі қамқорлығының айқын дәлелі. Көптеген жылдар бойы оның еңбегі, білімі, балаларға
«№79 гимназия» КММ  – Алматы қаласының ең үздік білім беру ұйымы!
20
тамыз
2025
«№79 гимназия» КММ – Алматы қаласының ең үздік білім беру ұйымы!
2025 жылғы 19 тамызда Алматы қаласындағы Республика Сарайында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Бұл ауқымды жиын барысында 2024–2025 оқу жылының қорытындылары жарияланып, жаңа оқу жылына арналған басты міндеттер белгіленді. Осы маңызды шарада біздің мектебіміз үшін қуанышты жаңалық болды: "№79 гимназия" КММ Алматы қаласындағы ең үздік білім беру ұйымы атағына ие болды! Бұл жоғары марапат – бүкіл педагогикалық ұжымның, оқушылар мен ата-аналардың қажырлы еңбегінің лайықты мойындалуы. Ол – ортақ