«Ұлы өнертабыстарға алғашқы қадам»
22 қыркүйекте «Ұлы өнертабыстарға алғашқы қадам» атты ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Біздің гимназия оқушылары мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, тамаша нәтижелер көрсетті: - Қадырбек Дана, 11 «Б» сынып оқушысы, «Ең үздік рационализаторлық ұсыныс» номинациясында 1-орынды иеленіп, бұл байқаудың республикалық кезеңінде Алматы қаласының намысын қорғайтын болады! - Васильев Егор «Ғарышкерлік және аэроғарыштық техника саласындағы модельдер» номинациясында 2-орынды иеленді.