Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ойындардан республикалық турнир жеңімпазы
10
қараша
2025

Ұлттық ойындардан республикалық турнир жеңімпазы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аяғанова А. республикалық деңгейде өткен «Бес асық» және «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындары бойынша мұғалімдер арасындағы турнирлерде I орындарды иеленіп, Алматы қаласының педагогтар қауымдастығын абыроймен таныстырды.
Айгүл Аяғанова спорт саласында жоғары кәсібилікті көрсетіп қана қоймай, гимназия оқушылары арасында ұлттық ойындарды белсенді түрде насихаттап келеді. Ол жас ұрпақтың бойында дәстүрге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштік сезімді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосуда.
Жеткен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы еңбегіңізге табыс, жаңа биіктер мен шабыт тілейміз! 🌿🇰🇿