Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық ғылыми-техникалық конференциядағы оқушылардың жетістігі
11
наурыз
2026

Халықаралық ғылыми-техникалық конференциядағы оқушылардың жетістігі

Бүгін 11 «Б» сынып оқушылары Қадырбек Дана мен Васильев Егор V Международная школьно-студенческая научно-техническая конференция «Искусственный интеллект – физика – математика – химия – техника и технология» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға қатысты. Конференция Алматинский технологический университет базасында өтті.

Конференция барысында оқушылар техника саласындағы өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Ұсынылған жұмыстар қазылар алқасы мен қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Конференция қорытындысы бойынша біздің оқушылар жоғары нәтижелер көрсетті:
Васильев Егор — I орын, ал Қадырбек Дана — II орын иеленді. Оқушылардың жұмыстары сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, оң пікірлерге ие болды.

Егор мен Данаға лайықты өнер көрсеткендері үшін шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми-зерттеу жолында жаңа жетістіктер, тың идеялар мен жарқын жеңістер тілейміз! 🎉📚🔬