13
сәуір
2026
№79 гимназиясының оқушысы — Cleantech Days-2026 халықаралық форумының үздіктері қатарында
КММ «№79 гимназиясының» 11 «Б» сынып оқушысы Дана Қадырбек 2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында Австрияның Вена қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (United Nations Industrial Development Organization, UNIDO) ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 халықаралық форумында жүлдегерлер қатарына енді.
Дананың HydroTech стартап жобасы Emerging санатындағы жаһандық байқаудың ТОП-3 қатарына кірді. Сонымен қатар жоба Youth Leadership арнайы номинациясымен марапатталды. Айрықша атап өтетін жайт — Дана UNIDO және Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) бағдарламалары тарихындағы ең жас қатысушы атанды.
HydroTech жобасы — күн энергиясын пайдалану арқылы ауадан су алудың инновациялық технологиясы. Бұл әзірлеме қазіргі заманның ең өзекті жаһандық мәселелерінің бірі — әлемнің түрлі өңірлеріндегі ауызсу тапшылығын шешуге бағытталған.
Форум аясында Дана Эфиопия, Сейшель Аралдары және Барбадос елдерінің мемлекеттік құрылым өкілдері қатысқан халықаралық панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйлеуге шақырылды.
Байқаудың финалдық кезеңі Габсбургтер әулетіне тиесілі бұрынғы Австрия императорларының резиденциясы болған тарихи Хофбург сарайында өтті. Қазіргі таңда Хофбург — маңызды халықаралық іскерлік және саяси іс-шаралар өткізілетін негізгі алаңдардың бірі.
Дана Қадырбектің бұл жетістігі оқушылардың кәсіпкерлігі мен ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға қосылған маңызды үлес болып табылады және КММ «№79 гимназиясы» білім алушыларының жоғары даярлық деңгейін дәлелдейді.
Дана Қадырбекті шын жүректен құттықтаймыз және оған алдағы уақытта да толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!