03
желтоқсан
2025
Оқушылардың көшбасшылығы: Жоғары сынып оқушысы Су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойды.




Оқушы көшбасшылығы: гимназия оқушысы Су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойдыБүгін №79 гимназиясының оқушысы Дана Қадырбек Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Дана заманауи наноматериалдарды қолдана отырып, атмосферадан су жинайтын бірегей құрылғы әзірледі. Құрылғы электр қуатынсыз жұмыс істейді және су тапшылығы бар өңірлер үшін маңызды шешім бола алады.
Министрлік жобаны қолдап, құрылғыны далалық жағдайда сынақтан өткізу жөнінде ұсыныс білдірді. Министр Данаға алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстап, оның идеясын «жасыл» технологиялар мен су үнемдеу саласы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
🏆 Дананың жобасының жетістіктері:
• Оңтүстік Кореяда өткен WICO халықаралық олимпиадасында 36 елден келген 2000+ қатысушы арасынан 1 орын
• Индонезиядағы YISF көрмесінде 24 ел ішінен 1 орын
• ҚазҰУ конференциясы мен Kazakhstan Smart Space байқауында жүлделі орындар
• UNIDO – GCIP халықаралық бағдарламасының 500+ жоба арасындағы ТОП-10 жартылай финалисті
Біз оқушымыздың жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымыз және оған жаңа ғылыми жеңістер тілейміз!
№79 гимназиясы әрқашан талантты және мақсатшыл оқушыларды қолдайды!