Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстандық жұлдызша Оңтүстік Кореяда жарқырады!
28
қараша
2025
Қазақстандық жұлдызша Оңтүстік Кореяда жарқырады!
20–25 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында аэробтық гимнастикадан халықаралық жарыс өтті. Біз 5 «Е» сыныбының оқушысы — біздің жұлдызымыз Иващенко Фаинамен мақтанамыз! Ол «Соло» санатында 1-орын, ал «Пара» санатында 3-орын иеленді. Фаина, сен — біздің мақтанышымыз! Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз https://www.instagram.com/p/DRt05HEjNeu/?igsh=MTBnd2VmbDBnNG5ncw==
"Полиглот" олимпиадасы
25
қараша
2025
"Полиглот" олимпиадасы
«Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған «Полиглот» олимпиадасында 8-сынып оқушысы Пырлик София қазақ тілі пәні бойынша 1-орын алды.
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
25
қараша
2025
Салауатты өмірге бастар сергіту сәті
Гимназиямыздағы мектеп өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, атап айтқанда «ЗОЖ» фракциясы, апта сайын дәстүрлі физминутка өткізеді. Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сергектік пен белсенділікті арттыру. Физминутка барысында фракция мүшелері қарапайым әрі пайдалы жаттығуларды көрсетіп, бүкіл мектепке жағымды көңіл күй сыйлайды. Бұл бастама оқушылардың денсаулығын нығайтып, ұжымдық рухты көтеруге бағытталған.