Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында КММ «№79 гимназиясында» жалпы мектептік сенбілік өтті
29
қыркүйек
2025
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында КММ «№79 гимназиясында» жалпы
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және өз мектебінің, қаласының тазалығына жауапкершілік сезімін дамыту. Сенбілік барысында оқушылар мен ұстаздар гимназия аумағын тазалауға, гүлзарларды абаттандыруға және қоқысты сұрыптауға белсенді қатысты. Мұндай акциялар азаматтық ұстанымды қалыптастырып, туған жердің тазалығына қамқорлық жасау әдетін дамытады.
Алматыдан – Иллинойсқа: білімнің жаңа көкжиектеріне қадам
29
қыркүйек
2025
Алматыдан – Иллинойсқа: білімнің жаңа көкжиектеріне қадам
2025 жылғы 15–26 қыркүйек аралығында гимназия директоры Цай Р.А. мен тарих пәнінің мұғалімі Жендубаев А.Д. Алматы қаласы делегациясының құрамында АҚШ-тағы Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінің базасында біліктілікті арттыру курсынан өтті, Алмалы ауданын таныстырып. Бағдарлама заманауи білім беру ұйымдарын басқарудың өзекті тәсілдерін, инклюзивті білім беруді дамытуды, мектеп пен жергілікті қауымдастық арасындағы серіктестікті қалыптастыруды, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісіне
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
29
қыркүйек
2025
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы
Гимназияда ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» байқауы өтті. Қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармаларынан үзінділер орындап, ұлы мұраны терең түсініп жеткізді. Байқау қазақ халқының рухани қазынасына деген құрметтің айқын көрінісі болып, оқушылардың туған әдебиетке сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
26
қыркүйек
2025
Алматы қаласының күніне арналған іс-шара
КММ «№79 гимназиясында» Алматы қаласының күніне арналған аудандық іс-шара өтті. Бағдарлама «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтары аясында жүзеге асырылып, гимназия оқушылары мен ұстаздарын бір арнаға тоғыстырды. Сахнада ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, патриоттық әндер шырқалып, әртүрлі сынып оқушыларының музыкалық және шығармашылық нөмірлері ұсынылды. Іс-шара жас ұрпақтың өнерін танытуға, туған қаланың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға, азаматтық пен отансүйгіштік сезімін