Мектеп жанындағы «Орман ертегісі» лагері – балаларыңыз үшін ұмытылмас жаз!
Сіздерді 2025 жылдың 26 мамырынан 6 маусымына дейін жұмыс істейтін «Орман ертегісі» мектеп жанындағы лагеріне шақырамыз! Екі апта бойы, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін балаларымыз мектеп аумағында қызықты іс-шаралар мен пайдалы білімдерге толы әлемге бойлайды!
🌟 Лагерь бағдарламасы:
Тілдік секциялар — шетел тілдерін қызықты әрі пайдалы түрде үйренеміз;
Спорттық жарыстар — белсенді ойындар арқылы командалық рухты дамытамыз және денсаулықты нығайтамыз;
Музыка үйірмесі — шығармашылық қабілеттерді дамытып, әртүрлі аспаптарда ойнауды үйренеміз;
Квест ойындары — жұмбақтарды шешіп, тапсырмаларды орындап, қызықты оқиғаларға толы приключенияларға шығамыз;
Тақырыптық күндер — әр күн ерекше тақырыппен өтеді, лагерьде болу одан да қызықты болады;
Білім беру фильмдері — танымдық және қызықты фильмдер арқылы білімімізді кеңейтеміз;
Жаяу серуендер және ашық ауада белсенді ойындар — мектеп аумағында балаларға таза ауада серуендеуге және белсенді демалуға мүмкіндік беріледі.
🍏 Лагерде тегін, теңдестірілген тамақтану күн сайын бір рет ұсынылады, бұл балаларға барлық іс-шараларға толыққанды дайын болуға мүмкіндік береді!
🏫 Барлық шаралар мектеп аумағында өтеді, сондықтан балалар үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдайлар жасалған.
Балаларыңызға «Орман ертегісі» лагерінде ұмытылмас жаз сыйлауға мүмкіндік беріңіз!