Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ – жарқын болашақ»: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаттары
14
сәуір
2026

«Адал ұрпақ – жарқын болашақ»: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаттары

Сәуір айында гимназияда «Адал азамат» бағдарламасы аясында бітіруші сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие сағаттары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылармен адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері мен оның алдын алудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тәрбие сағаттары білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.