Математика пәнінің мұғалімі Ж.С. Тукбаеваның жұмыс тәжірибесін тарату
Математика пәнінің мұғалімі Ж.С. Тукбаева әріптестеріне 5-сыныптарға арналған «Математикалық квестер: логиканы дамыту» атты авторлық бағдарламасын іске асыру тәжірибесін таныстырды.
Бағдарлама оқушы тұлғасын дамытуға, олардың психологиялық денсаулығын сақтауға, сондай-ақ пәнаралық интеграцияға бағытталған. Квестердің ойын форматы логикалық ойлауды тиімді қалыптастыруға және балалардың сабаққа деген жоғары қызығушылығын қолдауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе тарату семинарына Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Медеу, Бостандық, Жетісу, Түрксіб, Наурызбай аудандарының математика мұғалімдері, сондай-ақ Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген әріптестер қатысты. Қатысушылар бағдарламаның өзектілігін атап өтіп, өзара пікір алмасты және оқу үрдісіне ойын технологияларын енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.

