19
мамыр
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
"№79 Гимназия" КММ акт залында 7-сынып оқушыларының Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі — психология магистрі, дінтанушы Әлімғожинова Мадина Серікқызымен кездесуі өтті. Іс-шараның тақырыбы "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"болды.
Кездесу барысында спикер оқушыларға сыни ойлау мен құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып, дәстүрлі діни көзқарастар мен деструктивті идеологиялардың көріністері арасындағы айырмашылықтарды түсіндірді. Жасөспірімдерді интернет және әлеуметтік желілер арқылы тарту белгілеріне, сондай-ақ осындай қауіп-қатерлерге қарсы тұру тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Мадина Серікқызы жастардың радикалдануының алдын алуда отбасының, мектептің және мемлекеттің рөлін атап өтіп, тәжірибеден мысалдар келтірді.
Кездесу жанды диалогта өтті-оқушылар белсенді сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті, тақырыпқа қызығушылық танытты. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және діни және қоғамдық процестерді саналы түрде қабылдауға ықпал етті.