14
қаңтар
2026
Дарынды балалар – ұлт болашағы
Бүгін қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтің дарынды балалармен «Дарынды балалар – ұлт болашағы» атты кездесуі аясында қала әкімі атынан алғыс хаттар мен 300 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.
Аталған марапаттарға КММ «№79 гимназияның» оқушылары ие болды:
Бахтигареева Айлин (6 «Г» сынып) — домбырада орындау шеберлігі мен музыкалық дарыны үшін,
Қадырбек Дана (11 «Б» сынып) — ауадан су жинайтын құрылғыны әзірлегені үшін марапатталды.
Дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

