Флешмоб «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!»
2026 жылғы 13 қаңтарда «№79 гимназия» КММ-де «Саналы азамат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, бейнеролик түсірілді. Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық санасын арттыруға, адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.