Педагогтерге арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім
Мектепте педагогтерге арналған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі педагогтың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында мінез-құлықтық тәуекелдерді ерте анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы педагогтың рөлі талқыланды. Педагогтер, психологтар және ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.