10
мамыр
2026
Аяғанова Айгүл Базарбекқызы – республикалық турнир жүлдегері
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аяғанова Айгүл Базарбекқызы 2026 жылғы 6 мамыр күні Ақтау қаласында өткен қазақтың ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша республикалық турнирде ІІІ орын иегері атанды.
Аталған турнир «Конституция құндылықтары контексіндегі заманауи білім беру: дәстүрлер мен инновациялар» атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылды.
Айгүл Базарбекқызы өзінің жоғары шеберлігі, кәсібилігі және ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттаудағы белсенді еңбегінің арқасында үздік нәтиже көрсетіп, турнир жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Айгүл Базарбекқызын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
