Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
18
ақпан
2025

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары (ПҚКО) жұмыс істей бастады. Олар бала тәрбиесіне заманауи тәсілдерді енгізуге және бүкіл ел бойынша отбасылар кездесетін қиындықтарды жеңуге бағытталған.

Орталықтың қызметі ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша құзыреттерін дамытуға бағытталған. Орталықта ата-аналар интерактивті түрде балаларымен оң қарым-қатынас жасаудың нақты дағдыларын алады, олардың психологиялық және эмоционалдық жағдайын түсінуге үйренеді, бұл ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің тамырына әсер етуге көмектеседі.

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері: 1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылын күшейту;
3) ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамытуға жауапкершілігін арттыру.

Оқушылардың ата-аналарына арналған курста танымдық дағдыларды, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын және өзін-өзі дамытуға арналған тақырыптар; жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас, олардың эмоционалдық интеллектісін, шығармашылығын және оқуға деген қызығушылығын дамыту, сонымен қатар әлеуметтік желілерге тәуелділіктің алдын алу, балаларда интернетте қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру мәселелері. Ата-анаға педагогикалық қолдау көрсетуде ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, отбасылық құндылықтар отбасы берекесінің негізі ретінде үлкен орын алады Топқа жазылу үшін балаңыздың сынып жетекшісіне хабарласу қажет. Сабақтарға жан-жақты (жыл бойы) қатысу ұсынылады, өйткені тақырыптар өзара байланысты және тек ұзақ мерзімді жұмыс нақты оң нәтижелер әкелуі мүмкін.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы