12
қыркүйек
2025
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары мен оны сайлау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру тәртібін және оны сайлау тәртібін айқындайды.2. Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымының, соның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) дамуына жәрдемдесетін және оның қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады және мына қағидаттар негізінде қызметін жүзеге асырады:1. тәуелсіздік;2. оның мүшелерінің қызметін ақысыз негізде жүзеге асыруы;3. еріктілік;4. ашықтық;5. жариялылық пен қолжетімділік.3. Өз қызметінде Қамқоршылық кеңес мүшелері:1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың талаптарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтайды;2. білім беру ұйымымен, қоғаммен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.2-бөлім. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саладағы уәкілетті орган немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын Комиссия сайлайды (бұдан әрі – Комиссия).Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан құралады және 7 (жеті) адамнан кем болмайды, олардың ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңестің жалпы құрамының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы алғашқы отырыста Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады, бұл туралы хаттамалық шешім қабылданады.Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз етеді, Комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Комиссия хатшысы – тиісті саладағы уәкілетті органның немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері.
7. Комиссияның отырысы жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Барлық шешімдер хаттамамен ресімделіп, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саладағы уәкілетті орган немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта (Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мерзімді баспасөзде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.Хабарландыруда кеңестің атауы, сандық құрамы, құжаттарды тапсыру мерзімдері, сондай-ақ пошталық және электрондық мекенжайлар көрсетіледі.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.
9. Қамқоршылық кеңеске кандидаттар көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1. өтініш (еркін нысанда);2. жеке куәліктің көшірмесі;3. қазақ немесе орыс тілінде түйіндеме;4. білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);5. соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжат.Кандидаттар кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсына алады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:1. әр параллельден бір ата-ана немесе заңды өкіл – 11 адамнан аспайды;2. педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;3. жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1–3 адам;4. үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – 1–2 адам;5. қайырымдылар немесе меценаттар (бар болса) – 1–2 адам;6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;7. оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1–2 адам.11. Кандидаттарды білім беру ұйымдары ұсынады, олар ата-аналар жиналысында іріктеледі.Тізім уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға құжаттарымен бірге жолданады.
12. Комиссия құжаттарды 7 жұмыс күні ішінде қарайды, бағалайды және талаптарға сәйкес кандидаттарды 10 жұмыс күні ішінде сайлайды.Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың білімі, кәсіби құзыреттілігі, беделі ескеріледі.
Қамқоршылық кеңесті сайлау 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.
13. Сайланған Қамқоршылық кеңес 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен бекітіледі, құрамы ресми интернет-ресурсқа орналастырылады.3-бөлім. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының:1. дамуының басым бағыттарын келіседі;2. анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді;3. бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар береді;4. жарғы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістерді келіседі;5. оқу жылының басталуы мен аяқталуының балама мерзімдерін келіседі;6. эксперименттік бағдарламаларды келіседі;7. басшыға аттестациядан өтуге ұсыным хат береді;8. демеушілік және қайырымдылық қаражаттарын бөлу тәртібін бекітеді;9. «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтарына жіберілетін оқушылар тізімін келіседі;10. оқушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қадағалайды;11. санитарлық-гигиеналық жағдайды, тамақтану сапасын бақылайды;12. жылына кемінде 2 рет ұйым басшысының есебін тыңдайды;13. спонсорлық қаражаттың жұмсалуын бақылайды;14. әлеуметтік осал топтағы оқушыларға көмек көрсетуді ұйымдастырады;15. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға атсалысады;16. жылына 1 рет қанағаттанушылықты анонимді сауалнама арқылы мониторинг жасайды;17. ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуын бақылайды;18. тауарлар мен қызметтердің сатып алыну процесін бақылайды;19. ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдеседі;20. құқық бұзушылықтардың алдын алуға атсалысады;21. оқушылардың тәртібін нығайтуға көмектеседі;22. мәдени және сауықтыру іс-шараларын қолдайды;23. заң жобаларын талқылауға қатысады.15. Қамқоршылық кеңестің жұмысы оқу жылына арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.4-бөлім. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.Қажет болған жағдайда бейнеконференция режимінде өткізуге болады.
17. Отырыстың уақыты мен орны туралы ақпарат білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.18. Отырыстарға азаматтық қоғам өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады.19. Кеңестің төрағасы ашық дауыс беру арқылы сайланады.20. Төраға болмаған жағдайда оның міндетін кеңес мүшелерінің бірі атқарады.21. Кеңестің хатшысы білім беру ұйымының қызметкерлерінің арасынан немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланады.22. Отырыс заңды деп танылуы үшін кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысуы қажет.23. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.24. Кеңес шешімдері білім беру ұйымы әкімшілігімен қаралып, заңда белгіленген мерзімде орындалады.25. Шешім хаттамамен рәсімделіп, төраға және қатысқан барлық мүшелер қол қояды.26. Егер ұйым басшысы шешіммен келіспесе, келіспеушілікті шешу үшін келісім комиссиясы құрылады.27. Кеңес шешімдері білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.28. Қайырымдылық көмегі тек Қамқоршылық кеңестің шешімімен жұмсалады.29. Қаражат мемлекеттік мекеме үшін қазынашылық есепшотқа, өзге нысандағы ұйымдар үшін екінші деңгейлі банктерге аударылады.30. Қайырымдылық қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:1. оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;2. материалдық-техникалық базаны нығайту;3. дарынды балаларды қолдау;4. дамытушы орта құру.31. Жыл қорытындысы бойынша білім беру ұйымы ата-аналарға есеп береді.32. Кеңес мүшелеріне белгілі болған құпия ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.5-бөлім. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысы тоқтатылады:1. уәкілетті органның бастамасы бойынша;2. білім беру ұйымы таратылған немесе қайта құрылған жағдайда;3. өкілеттік мерзімі аяқталған кезде;4. мүшелердің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанда.34. Қамқоршылық кеңес мүшесі келесі жағдайларда шығарылып тасталады:1. жеке өтініші бойынша;2. жыл ішінде дәлелсіз себеппен үш реттен артық жиналысқа қатыспаған жағдайда.