Жасанды интеллект бойынша семинар



5 мамыр күні гимназияда «Оқушылардың білім сапасын жасанды интеллект көмегімен арттыру» жобасы аясында «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында кезекті оқыту семинары өтті.
Семинар барысында информатика пәнінің мұғалімі Жаймаева Альбина Нұрлыбекқызы білім беру саласындағы жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Педагогтар жасанды интеллектіні пайдалану бағыттарымен танысты:
- әкімшілік міндеттерді автоматтандыру (Smart Schedule, Brightspace Insights);
- оқытуды жекелендіру (Knewton, Coursera);
- мұғалімдерді қолдау (Gradescope, Turnitin);
- деректерді талдау және нәтижелерді болжау (Tableau, IBM Watson Analytics).
Семинар мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және білім беруде инновациялық технологияларды қолдануға ықпал етті.