Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
тамыз
2025

Жоғары марапат — еңбекті құрметтеу!

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойы жылы біздің гимназия үлкен мақтанышпен орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Теренова Ольга Викторовнаны мемлекеттік марапатқа мерекелік медаліне ие болуымен құттықтайды.

Бұл марапат — тек жоғары кәсібиліктің ғана емес, сонымен қатар Ольга Викторовнаның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесінің, мамандыққа адалдығының және жас ұрпақты тәрбиелеудегі қамқорлығының айқын дәлелі. Көптеген жылдар бойы оның еңбегі, білімі, балаларға деген сүйіспеншілігі және мектеп қауымдастығын дамытуға деген тынымсыз талпынысы нағыз педагогикалық қызметтің үлгісі болып келеді.

Бұл жоғары баға жаңа шабыттың көзіне айналып, қуаныш сыйлап, жаңа жетістіктерге жетелеуші күш болсын.

Гимназия ұжымы Ольга Викторовнаға шын жүректен мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және ағартушылық пен педагогикалық қызмет жолында толағай табыстар тілейді!