Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Орман ертегісі" мектеп жанындағы лагерінің ашылуы
26
мамыр
2025

"Орман ертегісі" мектеп жанындағы лагерінің ашылуы

Бүгін гимназиямызда көптен күткен «Орман ертегісі» атты мектеп жанындағы лагерьдің ашылу салтанаты өтті — бұл балалық шақтың, достық пен жарқын әсерлердің ғажайып мекені! Алғашқы минуттардан-ақ балалар нағыз сиқыр әлеміне енді — оларға цирк пен байланыс зоопаркі келді! Балалар қызықты қойылымдарды тамашалап, күлкіге қарық болды, әртістерге қол соғып, шағын зоопарктың үлпілдеген және қауырсынды тұрғындарымен қуана танысты. Көңіл-күй керемет болды! Балалардың қуанышты жүздері, шат күлкісі мен шынайы таңданысы — осы күннің ең басты көрінісі болды. Ең бастысы — жазғы саяхатымыз енді ғана басталды! Алда балаларды қызықты іс-шаралар, шығармашылық шеберлік сағаттары, қозғалмалы ойындар, серуендер мен достарымен ұмытылмас сәттер күтуде. Бұл жаз сиқырлы болмақ!