Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » International Education Fair 2025 халықаралық білім көрмесі
09
сәуір
2025

International Education Fair 2025 халықаралық білім көрмесі

Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 2025 жылғы 9 сәуірде КММ «№79 гимназия» 9–11 сынып оқушылары International Education Fair 2025 халықаралық білім көрмесіне қатысты. Көрме оқушылардың кәсіби бағдарын анықтауда маңызды платформаға айналды. Мектеп оқушылары түрлі елдердің жоғары оқу орындары өкілдеріне сұрақтар қойып, қабылдау талаптары мен білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
Іс-шараға QS World Ranking әлемдік рейтингісіне кіретін 9 шетелдік университеттің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның алдыңғы қатарлы 6 университеті де көрмеге қатысып, өз бағдарламаларын таныстырды. Университеттермен қатар, шетелдік ЖОО-ға түсуге және халықаралық емтихандарға дайындалуға көмектесетін 7 ұйым да көрмеде өз қызметтерін ұсынды.