«Ұлттық мұра және тіл» авторлық бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Клюкова М.К.-ның жұмыс тәжірибесін таныту
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Клюкова Менсулу Куанышбаевна 4-сыныпқа арналған «Ұлттық мұра және тіл» авторлық бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін таныстырды. Бағдарлама гимназиялық компонент аясында әзірленіп, аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа есептелген. Элективті курс оқушылардың ұлттық құндылықтар, қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті негізінде тілдік, коммуникативтік және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама аясында оқушылар қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады, грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға, сөйлеу мәдениеті нормаларын сақтауға, мәтіндерді талдауға, диалогтарға, жобаларға және шығармашылық тапсырмаларға қатысуға үйренеді. Мазмұн мен тілді кіріктіруге, лингвомәдениеттанымдық тәсілге, зерттеушілік және талдау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінде цифрлық және жасанды интеллект құралдарын ұқыпты әрі мақсатты түрде қолдануға ерекше назар аударылады.
Трансляцияға Алматы қаласының Алмалы, Алатау, Әуезов, Жетісу, Бостандық және Түрксіб аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Педагогтер белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған тәжірибе бойынша оң пікірлерін білдірді.

