Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2026

2026 жылғы ақпан айындағы ҰБТ-ға тіркелу

Назар аударыңыз: 2026 жылғы ақпан айындағы ҰБТ-ға тіркелу
Құрметті мектеп бітірушілер мен ата-аналар!
2026 жылғы наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдері туралы хабарлаймыз.
🗓 Негізгі мерзімдер:
•    Тіркелу кезеңі: 2026 жылғы 15 ақпан мен 25 ақпан аралығында.•    Тестілеу өткізу мерзімі: 2026 жылғы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында.📝 Маңызды ақпарат:
•    Тіркелу орны: Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайты app.testcenter.kz немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы.•    Қатысушылар: Биылғы мектеп бітірушілер, өткен жылғы түлектер және колледж бітірушілері (ақылы негізде оқуға түсу үшін).•    Құны: 5 640 теңге.•    Формат: Тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Талапкерлер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды.Ескерту: Наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен тек қана ақылы негізде оқуға түсуге болады. Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ға (мамыр-шілде) тіркелу қажет.