«№79 гимназия» КММ – Алматы қаласының ең үздік білім беру ұйымы!
2025 жылғы 19 тамызда Алматы қаласындағы Республика Сарайында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Бұл ауқымды жиын барысында 2024–2025 оқу жылының қорытындылары жарияланып, жаңа оқу жылына арналған басты міндеттер белгіленді.
Осы маңызды шарада біздің мектебіміз үшін қуанышты жаңалық болды: "№79 гимназия" КММ Алматы қаласындағы ең үздік білім беру ұйымы атағына ие болды!
Бұл жоғары марапат – бүкіл педагогикалық ұжымның, оқушылар мен ата-аналардың қажырлы еңбегінің лайықты мойындалуы. Ол – ортақ іске адалдықтың, білімге деген ынтаның және жаңашылдыққа ашық көзқарастың жемісі.
Біз үшін бұл жеңіс – соңғы нүкте емес, жаңа белестің бастауы. Гимназиямыздың аты бұдан әрі де сапалы білімнің, инновацияның және өскелең ұрпақтың жарқын болашағының символы болып қала беретініне сенімдіміз.
