Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрқасымова Арайлым Арманқызы
18
сәуір
2025

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрқасымова Арайлым Арманқызы

Бүгінде біздің гимназияда жас мамандар қатары артып келеді. Солардың жарқын өкілдерінің бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрқасымова Арайлым Арманқызы. Ол педагогикалық еңбек жолын шамамен екі жыл бұрын бастаған.

Арайлым Арманқызы алғашқы жұмыс күнінен бастап өзін мақсаткер, бастамашыл ұстаз ретінде көрсете білді. Кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында үнемі түрлі біліктілік арттыру курстарына қатысып, заманауи әдістемелерді меңгеріп, үздіксіз даму үстінде. Оның педагогикалық ұстанымы: «Балаға білім мен тәрбие бермес бұрын, өзің үлгі бол».

Арайлым шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді, бос уақытында өлең жазады, түрлі шығармашылық жобаларға қатысады. Ол кәсіби әрі рухани тұрғыдан дамуға ұмтылып, болашақта білікті, шабыттандыратын педагог болуды мақсат тұтады.

Педагогтың жетістіктері:

2023 ж. сәуір – 17–30 сәуір аралығында Түркия, Ыстамбұл қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2023–2024 жж. – Халықаралық Педагогикалық Академияның мүшесі.

2024 ж. – «Білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын аяқтады.

2024–2025 оқу жылы – 2-сынып оқушылары «Ақбота» интеллектуалды онлайн олимпиадасында жүлделі І орынға ие болды.

2025 ж. – «Өрлеу» біліктілік арттыру курсына және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлескен тәжірибе алмасу семинарына қатысты.

Нұрқасымова Арайлым Арманқызы – өзінің ізденісімен, мамандығына деген сүйіспеншілігімен шабыт беретін жас маман.