«Бір минут бір адамның өмірі...» атты танымдық-тәрбие сағаты » КГУ "Гимназия №79" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір минут бір адамның өмірі...» атты танымдық-тәрбие сағаты
15
наурыз
2023

«Бір минут бір адамның өмірі...» атты танымдық-тәрбие сағаты

«Бір минут бір адамның өмірі...» атты танымдық-тәрбие сағаты

«Ел болашағы – білімді ұрпақ» демекші, ұрпақ тәрбиесінде «ұлы ұстаз» мамндығының иегерлері аса үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әр бала - болашақ кепілі.
Мектеп қабырғасында жүрген оқушының бойына танымдық – құзыреттілік, өз еліне деген патриоттық сезімі мен туған жерге, қоршаған ортаға, дос- жаранға деген құрметі мен сыйластығын ояту маңызды мәселе. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Акрамова З.Х мен Телгараева Қ.С. 7-сынып оқушылары арасында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір минут бір адамның өмірі...» атты танымдық-тәрбие сағатын өткізді.
Оқушылар «оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шерхан Мұртазаның шығармаларын танысып, атамыз ашылуына бастау болған «Таңшолпан» теле-бағдарламасының желісімен ұйымдастырылған тәрбие сағаты барысында өздері оқыған шығармаларға талдау-саралау жұмысын жасап, автордың өмірбаянын, еңбек жолын танып, білді.

Мұғалім үшін оқушылардың мектепте алған білімі, оны өмірде қолдануы өте маңызды. Пән мұғалімдері оқушылар арасында қазақ тілінен сайыс ұйымдастыра отырып, білім алушылардың пәнге деген, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыра түсті. «Білімділер бәйгесі» сайысы барысында оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша қызықты тапсырмалар орындай отырып, тапқырлықтарын, жылдамдылықтарын сынға салды. Ойын форматында болған «пазл жинау» кезеңінде логикалық қабілеттерін арттырды. Мықтылардың ішінде аты озып алға шыққан ең мықты оқушылар жеңімпаз атанып, марапатталды. Бұл сайыс оқушыларға білімнің мағыздылығын, болашақ ұрпақтың бойында болуы керек қажетті дағдыларды түсіндірді.
«Мектеп –кеме, білім-теңіз». Әр мұғалім өз біліктілігі мен білімін шыңдап, болашақ ұрпақтың озат, білімді, бәсекеге қабілетті болуының себепшісі болуы керек. Еліміз еңселі, ұрпағымыз ұлағатты болсын!