Оқушылардың жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ беру » КГУ "Гимназия №79" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ беру
25
тамыз
2022

Оқушылардың жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ беру

Оқушылардың жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ беру
Бұл мемлекеттік қызмет жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алуға құқығы бар отбасылардың санаттары:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар;
- ТЖ салдарынан немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын шұғыл көмекке мұқтаж адамдар;
- Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен;
- Жетім балалар мен отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін.


Қажетті құжаттар:
1. Ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің)өтініші
2. Ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)
3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын анықтау үшін қажет)
4. Неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі
5. Әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
* Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;

* Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама);

* Отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;

* Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.