Психологтың ұсыныстары » КГУ "Гимназия №79" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-99-47
Есепші бөлімі:
+7(727) 375-99-48 (120)
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
тамыз
2020

Психологтың ұсыныстары

Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі және басқа шараларды ақпараттандыру бойынша Медиа-грид жоспарына сәйкес Алматы қаласы, Алмалы аудандық Білім бөліміне қарасты "79 Гимназия", "8 Мектеп-гимназия", "18Гимназия", "15 Гимназия" және Ә.Шәріпов атындағы 16 ЖББМ педагогтары, психологтары мен ата- аналары үшін онлайн семинар ұйымдастырылды. "Эпидемиялық ахуал кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбындағы семинардың мақсаты: пандемия кезеңінде мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту жағдайында жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдері), педагог ұжымына қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарауға үн қату. Семинарға қатысушыларға өз баяндамалары арқылы жүйелі жоспарларын ұсынып, тұшымды ой, түйінді ұсыныс айтқан Р.Н.Абдыкалымова, Е.Н.Шапошникова, М.Ж.Есмагамбетова, М.А.Познякова, А.А.Гордиенколар тақырыпты аша білді.
Елімізде болып жатқан пандемия кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болуы керек. Әсіресе, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп, ата-ана, оқушы одағының тығыз байланысы үлкен мәнге ие.